Қазақстандық В. Момынбаева «Әлем ханымы» байқауында ұлттық киіммен шығады

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Қарашада «Қазақстан ханымы» мәртебесінің иегері Виктория Момынбаева халықаралық арулар конкурсына барады.
None
None

Белгілі болғандай, Момынбаева үшін ұлттық нақыштағы көйлекті сәнгер Айда Қауменова тігетін болады. Бұл жайында «Экспресс К» газетінің тілшісі жазып отыр.

Виктория қатты қобалжымаса да, оның жұбайы сүйікті әйелінің байқауда міндетті түрде алғашқы үштіктің ішінен көрінетініне сенімді.

«Әлем ханымы» байқауы, мен бұған дейін қатысқан жобалардан мүлдем өзгеше. Онда негізінен әйелдің ішкі жан дүниесіне басымдық беріледі. Атап айтқанда, біз екі апта бойы ұйымдастырушылардың тыңғылықты назарында боламыз және кез келген қателік қауіпті болуы мүмкін. Моральдық тұрғыда мен дайынмын, ал көйлегім болса әлі де әзірлік үстінде. Аида Қауменова екеуміз барша қарсыластардың көз жауын алып, қазылар мүшесін таңдандырғымыз келеді»,-дейді В. Момынбаева.

Соңғы жаңалықтар