Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандық велосипедші екі аяқты көлігімен төрткүл дүниені шарлап шықпақшы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық велосипедші Талғат Жұмабеков 7 мың шақырымдық велосаяхатынан оралды. Спортшы сапар барысында басынан өткен қиындықтар мен қызықтар туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Қазақстандық велосипедші екі аяқты көлігімен төрткүл дүниені шарлап шықпақшы

«Қазақстан қалаларынан бөлек Ресей, Дағыстан, Грузия, Түркия тағы басқа 7 мемлекеттің территориясынан өттім. Жол бойы болашақта қажет болатын деректі фильмге видеоматериал жинадым. Каирден Меккеге барам деп ем, оған виза берілмеген соң ол жоспарым орындалмады», - деді Т.Жұмабеков.

Қара жолда саяхатшы палаткада ұйықтауға мәжбүр болған. Кейде мейірбан адамдар үйіне де қондырған.

Биыл велошабандоз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай төрткүл дүниені аралап шықпақ. Ол өзінің жаңа сапарында мұсылмандардың қасиетті жерлерін өз көзімен көруді жоспарлап отыр.