Қазақстандық Юрий Щукин Хорватияда теннис турнирінде сәтті өнер көрсетуде

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Мұрат Жакеев/ - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Хорватияда өтіп жатқан Challenger Zagreb Open-2010 турнирінің екінші кезеңіне өтті.

Қазақстандық   Юрий Щукин Хорватияда   теннис  турнирінде    сәтті  өнер көрсетуде

Бұл туралы Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірінші айналымда Юрий Щукин үш сетте үнділік спортшы Сомдева Девварманды 7:6, 1:6, 6:1 есеппен жеңді. Ширек финалға шығу жолында Ю.Щукин енді ресейлік теннисші, жасөспірімдер арасындағы Уимблдон чемпионы Андрей Кузнецовпен кездеседі.

Challenger Zagreb Open-2010 турнирінің жүлделік қоры 50,000 мың долларды құрайды.