Қазақстандық жағажай волейболшылары «Moscow Grand Slam» жарысында жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Moscow Grand Slam» әлемдік турының кәсіби раундының ойындарында қазақстандық жағажай волейболшылары қарсыластарынан жеңіліп қалды.
None
None

Бұл туралы sports.kz жазады.

Бұған дейін Австралия жұбын ұтқан Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова келесі ойында канадалық жұптан 0:2 (17:21, 15:21) есебімен жеңілді. Ерлер арасындағы ойында Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов ресейлік Богатов/Худяков жұбынан ұтылды. Кездесу 0:2 (17:21, 17:21) есебімен аяқталды.

Тағы бір қазақстандық ерлер жұбы Алексей Сидоренко/Александр Дьяченко F тобына түсті. Онда сонымен бірге бір норвегиялық және екі американдық жұптар бар. Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 15:30-да Алексей мен Александр норвегиялық спортшылар Хоррем/Эйтхунмен ойнайды. Ал мамырдың 28-де Америка спортшылары Хайден/Бурне және Паттерсон/Гиббпен кездесулер өтеді. Ойындарды өткізу уақыты әзірге белгіленген жоқ.

Соңғы жаңалықтар