Қазақстандық жағажай волейболшылары «Самила Опен» Азиялық турынан олжалы оралды

АЛМАТЫ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Таиландтың Сонгхла қаласында 14-16 сәуір күндері жағажай волейболынан «Самила Оупен» Азиялық туры өтті.

Қазақстандық жағажай волейболшылары «Самила Опен» Азиялық турынан олжалы оралды

Оған 14 елден ерлер арасында 26, әйелдер арасында 20 команда қатысқан болатын. Ақтық сында «Австрия-1» командасына 1:2 есебімен ұтылған Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко жұбы - күміс, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов жұбы қола жүлдегер атанды. Ал Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова қола жүлде үшін сайыста «Тайланд-1» командасына есе жіберіп 4-ші орын алса, Бақтыгүл Самалықкова мен Любовь Богату 9-шы орынға табан тіреді.

Енді ел құрамасының үздіктері 23-28 сәуір күндері Қытайда өтетін Азиялық турда өз бақтарын сынайды. Одан кейін 30 сәуір мен 5 мамыр күндері «Гранд Слам» додасында ел намысын қорғайтын болады.