Қазақстандық жағажай волейболшылары Шанхайдағы "Гранд Слэма" кезеңінде қоржынын 160 ұпайға толықтырды

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанхай қаласында 1-6 мамыр күндері жағажай волейболынан «Гранд Слэма» кезеңі өтті.

Қазақстандық жағажай волейболшылары Шанхайдағы "Гранд Слэма" кезеңінде қоржынын 160 ұпайға толықтырды

 Онда  Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко 17 орын алып, өз қоржындарын 160 ұпайға толықтыра алды.  Олар жарыстың негізгі кезеңінің 1-раундында итальяндық Николай мен Лупо жұбына 2:0 (21-15, 21-11) боп ұтылды. Оның алдында топтық кезеңде австриялық Хубер мен Сейди жұбын 2:0 (21-10, 23-21) және  американдық Фуербриннгер мен Лусенаны 2:1 (21-19, 18-21, 18-16) есебімен ұтты. Ал Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов алғашқы дәрежелік раундта австриялық Хугх пен Слактан 2:0 (22-20, 21-13) боп ұтылды. Соның нәтижесінде 41-орынды қанағат тұтып,  24 рейтингтік ұпай жинады. Енді қазақстандық спортшылар ертең Бейжіңде жалауын көтеретін келесі «Гранд Слэма» кезеңінде бақ сынамақ. Одан кейін 18-20 мамырда еліміздің Ақтау қаласында өтетін «Actau Invitation» Азиялық турына қатысады.