Қазақстандық жағажай волейболшылары Үндістандағы Ченнай Челленджер турының ширек финалдық жолдамасын сарапқа салуда

АЛМАТЫ. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жағажай волейболынан Үндістанның Ченнай қалаласында өтіп жатқан Ченнай Челленджер турында қазақстандықтар бүгін неміс қыздарымен сынға түсуде,

Қазақстандық жағажай волейболшылары Үндістандағы  Ченнай Челленджер турының ширек финалдық жолдамасын сарапқа салуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Қыркүйектің 29-ы күні жалауын көтерген бұл жарыста ел намысын 2 жұп қорғаған болатын. Инна Рахматулина мен Людмила Исаеваның алғашқы сайыста Малайзия спортшыларына 1:2 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған еді. Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова үш кездесуде де қарсыластарынан мерейі үстем шықты. Олар бірінші ойында нидерландиялықтарды 2:0 (23:21, 21:11) ұтып, одан кейін АҚШ-тың екі бірдей жұбын 2:1 (21:16, 18:21, 15:10) және 2:0 (21:19, 21:17) етіп жеңіп ширек финалға бір табан жақындаған болатын. Бүгін олар енді шешуші сында неміс қыздарымен сынға түсуде.