Қазақстандық жағажай волейболшыларының Индонезиядағы Батам Оупен турнирінің ширек финалына шығуға мүмкіндігі бар

АЛМАТЫ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Индонезияда жағажай волейболынан 2-Азиялық тур өтіп жатыр.

Қазақстандық жағажай волейболшыларының Индонезиядағы Батам Оупен турнирінің ширек финалына шығуға  мүмкіндігі бар

«Батам оупен» деп аталатын бұл дүбірлі додада бүгін ширек финалға жолдама алатын командалар анықталады. Кеше 1/8 финалдық алғашқы ойында әйелдер арасындағы сында Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалованың жұбынан құрылған «Қазақстан-1» командасы жаңа зеландиялықтарды 2:0 есебімен ұтты. Бақтыгүл Самалықова мен Марина Пилипенко жұбынан тұратын «Қазақстан-2 командасы болса таиландтықтарға дәл осындай есеппен есе жіберді. Ал ерлер арасындағы сайыста Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко («Қазақстан-1») индонезиялықтарды (2:0) ұтса, Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов («Қазақстан-2») қытайлықтардан 2:1 есебімен басым түсті. Жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыс сәуірдің 21-і күні жалауын көтерген еді. Енді ертең, ширек, жартылай және ақтық финалдық ойындар өтеді.