Қазақстандық және ресейлік экологтар Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

АСТАНА. Желтоқсанның   29-ы.  ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ -  Қазақстандық   және ресейлік  экологтар Қызылорда  облысы  Қармақшы ауданының  тұрғындарымен  кездесу  өткізді.
None
None

Қоғамдық тыңдауда      2006 жылы  шілденің 27-сінде  «Байқоңырдан»  ұшырылған  ғарыштық  мақсаттағы зымырантасымалдағыштың құлауы  салдарынан техногендік әсерге  ұшыраған    Қызылорда  облысы Қармақшы  ауданындағы   Көмекбаев ауылындағы   аумақтарға  экологиялық   мониторинг  жүргізу  бағдарламасының  қорытындысы   сөз болды.

Аудан тұрғындарымен  кездесуге    қазақстандық және ресейлік   экологтардың, Қазғарыш пен Ресейғарыш   мамандарының,   ғалымдар мен медиктердің,  журналистердің  үлкен тобы келді.  Қармақшы ауданының әкімі  Биғали  Қаюпов,   ауыл тұрғындары  экологиялық мониторингтің  нәтижесі  туралы  бірінші  болып  естулері үшін,  бұл  кездесудің     аудандық әкімдіктің    ұйытқы  болуымен   ұйымдастырылғанын  атап көрсетті.

Қуандария  және  Көмекбаев атындағы  ауылдардың  тұрғындарының алдында «Инфракос-Экос»   еншілес мемлекеттік кәсіпорнының  директоры  Жайлаубай   Жұбатов, «Космотрас»   халықаралық ғарыш  корпорациясының өкілі  Борис Захаров,  тағы  да  өкілдер     қоршаған  ортаға    жүргізілген зерттеулер    мен    халықтың    денсаулық жағдайына  жасалған  мониторинг  қорытындысы бойынша баяндама жасады.

Экологтар      тұғындардың  сауалдарына жауап берді,   олардың  ұсыныс-тілектерін  тыңдады.  Қоғамдық   тыңдаудың  қорытындысы  бойынша,  екі ауылдың   экологиялық  жағдайы мен  тұрғындарының  денсаулықтарын бақылау  жөніндегі  жұмыстар «Қазақстан  Республикасында ғарыш    саласының    жұмысын  дамыту» мемлекеттік бағдарламасының аясында жалғасын табатын болып анықталды.

Соңғы жаңалықтар