Қазақстандық жас теннисші Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Үндістанның Дехрадун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жас спортшылар финалда бас жүлдені өзара бөлісті.

Жекелей сында 15 жасар Альбина Кәкенова өзінен бір жас үлкен Анастасия Крымкованы 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, ITF Juniors додасындағы алғашқы титулына қол жеткізді.

Есесіне А.Крымкова жұптық сында финалда Сәтима Төрегенмен бірге А.Кәкенова – Ариана Гогулинадан басым түсті.

Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өткен ITF турнирінде финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Каспер Жукқа есе жіберді – 4:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаевтың Швейцаридағы турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар