Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында жасөспірімдер арасында Davis Cup кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жас теннисшілер әлем чемпионатының іріктеу кезеңін жеңіспен бастады

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстан құрамасы D тобында Шри-Ланка, Таиланд және Вьетнам командаларымен ойнайды.

Қазақстандық жасөспірімдер бүгін бастапқы кездесуінде Шри-Ланка теннисшілерін жеңді.

Бірінші болып кортқа шыққан Әмір Омарханов Тила Дисиянакимен бәсекенің бірінші партиясында қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Тартысты өрбіген екінші сет соңында Әмір брейк жасай алды – 7:5.

Екінші ойында Данир Қалдыбеков Вишин Нилавераны 6:3, 6:4 есебімен ұтты.

Жұптық сында Әмір Омарханова Виталий Зацепинмен бірге бір сағаттан сәл астам уақытта В.Нилавера – Лисал Гунитилекені тізе бүктірді – 6:4, 6:4.

Осылайша қазақстандықтар қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Португалиядағы супер турнирдің финалисі атанғанын, Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингіде көтерілгенін жазған болатынбыз.