Қазақстандық жас жеңілатлеттер Қырғызстанда өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті
БІШКЕК. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Өткен жексенбі күні Қырғызстанның астанасында 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан өткен халықаралық жарыста қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті.
Жарысқа Қырғызстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның желаяқтары қатысты.
Ядро лақтырудан 12,85 метр нәтиже көрсеткен қазақстандық жеңілатлет Мария Телушкина қыздар арасында жеңімпаз атанды. 110 метрлік қашықтыққа кедергілер арқылы жүгіруден 15,94 секундтық нәтиже көрсеткен Жәмила Қанадина бірінші орынды иеленді. Қазақстандық Владислав Исаков 100 метрлік қашықтыққа спринтерлік жүгіруден қара үзіп бірінші болып келді. Ұзындыққа секіруден Владимир Потоцкий екінші нәтижеге қол жеткізді.