Қазақстандық жекпе-жек шебері Ақтаудағы турнирде қырғызстандық қарсыласын жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жекпе-жек шебері Болат Заманбеков (3-1) Ақтауда өтіп жатқан Eagle FC 48 & Naiza FC 41 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ол қырғызстандық Сыймык Эльдияруулымен (1-0). кездесті. Аса ауыр салмақтағы кездесу 3 раундқа есептелген болатын. Жекпе-жектің екінші раундында Заманбек буындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Заманбек аралас жекпе-жектен кәсіби спорттағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал қырғызстандық алғаш рет жекпе-жекке шығып жеңіліс тапты.

Eagle FC 48 & Naiza FC 41 турнирініңң хедлайнерлері қазақстандық Даурен Ермеков (16-5) пен ресейлік Гамзат Хирамагомедов (10-1) болады. Олар EFC-дің орта салмақтағы уақытша чемпионы атағына таласады. Eagle FC турниріне келетін болсақ, оның құрылтайшысы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов.


Соңғы жаңалықтар
telegram