10:28, 23 Ақпан 2010 | GMT +5
Қазақстандық жігіттер шаңғыдан командалық жарыста финалға шықты - Олимпиада
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Құрамына Николай Чеботько мен Андрей Полторанин кірген Қазақстан құрамасы шаңғышылардың арасындағы командалық жарыста финалға шықты.
19:07.5 нәтиже көрсете алған қазақстандық жігіттер, жарыс көшбасшысы - Норвегия командасына +6,5 секунд қана есе жіберіп, бесінші орынға табан тіреді, деп хабарлайды sports.kz.
Ал жарыстың алғашқы үштігіне кіргендер мыналар:
1. Норвегия 19:01.0,
2. Германия 19:02.3 (+1.3)
3. Ресей 19:02.5 (+1.5)