Қазақстандықтар Ата заңымыздың 15 жылдығын кеңінен атап өтуде

АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Астанада «Қазақ елі» монументінің алдындағы бас алаңда Қазақстан Республикасының Президенті - ел Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ата заңымыздың 15 жылдығына арналған Парадты қабылдайды. Бүгін мерекелік алаңға жиналатын қала тұрғындары мен елорда қонақтары, Қазақстада тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері және шенеуніктер тәуелсіз Қазақстанның әскери қуатын паш ететін парадты тамашалайды.

Қазақстандықтар     Ата заңымыздың  15   жылдығын кеңінен атап өтуде

Бүгінгі атаулы күннің құрметіне сондай-ақ, кешкі сағат 22.00-де Астана және Алматы қалаларында мерекелік отшашулар беріледі. Бүкіл республика бойынша Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған фестивальдер, концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар мен көрмелер өтуде.

Мереке қарсаңында Елбасы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық конференцияға қатысып, сөз сөйледі және Тәуелсіздік сарайында өткен мерекелік концертті тамашалады.