Қазақстандықтар қандай мотоциклдер мінгенді ұнатады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда автомобиль нарығына қарағанда мототехникалардың сатылымы шамамен 30 пайызға төмен. Дегенмен, өткен жылы бұл нарықтың да 2016 жылмен салыстырғанда аздап көтерілгендігі байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның автобизнес қауымдастығы мәліметтеріне қарағанда, 2017 жылы елімізде тіркелген мотоциклдердің саны алғаш рет 1501-ге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 41 мотоциклге артық. Жалпы тіркелген мотоциклдердің саны 2016 жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға артып, 4411 бірлікті құрады.

Қазақстанда сатылған су жаңа мототехникалардың ішінде Racer брендімен шығатын RC250 деп аталатын ресейлік-қытайлы байк көш бастап тұр. Өткен жылы бұл мотоциклдің 204 бірлігі тіркеуге алынған. Одан кейінгі орында -   Honda CBR600 (97 бірлік). Үздік үштікті ресейлік Ural мотоциклі (96 бірлік) тұйықтайды.

Ал екінші нарықта ең көп сатылған мотоциклдердің ішінде жапон техникасына сұраныс басым. 2017 жылы Ішкі істер министрлігінің органдары 800 Honda, 738 Yamaha, 436 Suzuki, 420 Racer, 291 Kawasaki мотоциклін тіркеген.  Өткен жылы тіркелген мотоциклдердің 60 пайызға жуығы (2296 бірлік) 10 жыл бұрын шығарылған. Ал шығарылғанына 3-пен 10 жыл аралығындағылар - 1017, 3 жылға дейінгілер 1091 бірлікті құрайды.

Фото: moto.drom.ru

Соңғы жаңалықтар
telegram