Қазақстандықтар қазақ тіліне аударылған терминдерді талқылауға қатыса алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар қазақ тіліне аударылған терминдерді талқылауға қатыса алады. Бұл туралы Kazpravda.kz тілшісіне ҚР Мәдениет министрлігінің тіл комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық терминологиялық комиссияның хатшысы Серік Сәлемов мәлім еткен.

Қазақстандықтар қазақ тіліне аударылған терминдерді талқылауға қатыса алады

«Тіл комитетінің сайтында «Талқыланатын терминдер» атты рубрика бар. Онда республикалық терминологиялық комиссия бекіткенге дейін талқыланатын терминдер жарияланады. Онда кез келген адам сөздің аудармасына қатысты өз көзқарасын білдіре алады. Қазіргі уақытта Тілдерді дамыту және қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бекітілген терминдер жинағы жарыққа шығарылды және бекітілген терминдердің этимологиялық жинағы шығарылмақ», - деді комиссия хатшысы.

Оның атап өтуінше, комисия отырыстарында негізінен түрлі мағынаға ие омонимдер мен аударылуы қиын терминдер қаралады. Бұл ретте комиссия қарауына енгізілетін нақты сөздерің саны жоқ. Мәселен, 2013 жылы 4 отырыс өткізіліп, онда шамамен 350 термин мен 15 сөздік мақұлданған. Ал ағымдағы жылы бір ғана отырыс өтіп, онда 42 термин бекітілген. Жалпы, осы уақытқа дейін шамамен 10 мың термин мақұлданды.

«Комиссия отырыстарды терминдерді аудармайтындығын, тек мемлекеттік органдар енгізген ұсыныстар негізінде бекітетіндігін атап өткім келеді. Әрине, комиссия мүшелері өз нұсқаларын да ұсына алады. Бірақ, комиссия велосипедті шайтанарба деп аударған сияқты абсурдты сөздерді бекітпейді», - деді С.Сәлемов.

Айта кетерлігі, комиссия барлық көздерді мақұлдағаннан кейін олар «Егемен Қазақстан», «Ана тілі» республикалық газеттерінде, «Терминологиялық хабаршы» бюллетенінде, Тіл комитетінің сайтында жарияланып, орталық және жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі.