Қазақстандықтар мемлекеттен 116 мың теңге ала алады - фейк

АСТАНА. ҚазАқпарат – Желіде мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатындығы туралы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Отбасы банкіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар мемлекеттен 116 мың теңге ала алады - фейк
«Алаяқтар Қазақстанның әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп хабар таратуда. Қаскөйгер өздері жіберген сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа «сәлем» сөзін жіберуді сұрайды екен. Бұл жалған ақпарат», - делінген банктің хабарламасында.