15:37, 10 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстандықтар самбодан өткен халықаралық турнирде алғашқы алтын медальдарды жеңіп алды
БІШКЕК. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Бішкекте өтіп жатқан самбодан халықаралық турнирдің алғашқы күні қазақстандық команданың қоржынына екі алтын медаль түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Интернационал-жауынгер Виталий Гордеевті еске алуға арналған мемориалдық турнирдің бірінші күнінің қорытындысы бойынша бес салмақ санатының жеңімпаздары анықталып отыр. Өңірдің барлық елдері мен Ресейдің спортшылары қатысып отырған жарыс жеңімпаздарының қатарына Қазақстанның екі өкілі кірді. Атап айтқанда, 62 киләға дейінгі санатта Тимур Қалниязов алтыннан алқа тақса, 100 киләдан жоғары салмақта - қазақстандық Павел Лысенковқа тең келер ешкім болмаған.