Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандықтар Ұлттық банктің еншілес ұйымынан дербес кредиттік есебін ала алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коммерциялық емес еншілес ұйымы болып табылатын «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ 2015 жылдың 1 қазанында операциялық қызметке кірісетінін хабарлайды, еліміздің ұлттық қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтар Ұлттық банктің еншілес ұйымынан дербес кредиттік есебін ала алады

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ жаңа құрамы 2014 жылдың сәуір айынан бастап ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар қызметіне қойылатын заң талаптарына сәйкестендіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырды. Шаралар мен бағдарламалық-техникалық кешендердің ақпараттық қауіпсіздік пен ақпарат құпиялылығын қамтатамасыз ету талаптарына сәйкестілігінің растауы болып Мемлекеттік комиссияның «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ тексеруін жүргізуі және 2014 жылғы 12 қарашада кредит тарихтарын қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестілігі туралы актіні алуы болып табылады.

Дербес кредит есебін алу Қазақстан Республикасы, 050013, Алматы қ., Абай даңғылы, 10а, «A&F» БО, 9-қабат мекенжайы бойынша не жеке келумен не пошта арқылы мүмкін болады. Күнтізбе жылы ішінде бастапқы өтініш бойынша есеп тегін ұсынылады.

Дербес кредиттік есеп кредит тарихының субъектісі болып табылатын тұлғаның жеке деректерін, сонымен қатар оның қолданыстағы және аяқталған қарыз шарттары туралы, оның ішінде қолданыстағы және өтелген банктік немесе басқа қарыз шарттарының саны туралы түпкілікті ақпарат беруі мүмкін.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-ға өз қарызгерлері туралы ақпаратты 36 екінші деңгейдегі бан, 56 микрокредиттік және микроқаржылық ұйым және банктік операциялардың бөлек түрлерін жүзеге асыратын 14 ұйым жеткізеді.

«Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ 2012 жылы 7 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 4 шілдедегі №213 «Мемлекеттік кредиттік бюро» Акционерлік қоғамын құруды мақұлдау туралы» қаулысының негізінде құрылды. Негізгі қызметі кредит тарихтарын қалыптастыру және Қазақстан Республикасындағы кредиттік тарихтардың эталондық деректер базасын қалыптастыру мақсатында кредиттік есептер ұсыну болып табылады.