Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандықтар үшін Елбасы Жолдауы іс-қимыл бағдарламасы болмақ - М.Әжіғұлов, майдангер, БҚО

ОРАЛ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Біз Елбасының биылғы Жолдауын да отбасымыз болып тікелей көрсетілім арқылы зейін қоя тыңдадық. Бұл туралы Орал қаласында тұратын соғыс және еңбек ардагері Мұхтар Әжіғұлов мәлім етті.

Қазақстандықтар үшін Елбасы Жолдауы іс-қимыл бағдарламасы болмақ -  М.Әжіғұлов, майдангер, БҚО

Оның айтуынша, Елбасы әр салаға жеке-жеке тоқталып, алда тұрған міндеттерді атап көрсетті. Жыл сайын елімізде жаңа өзгерістер болып жатыр. Қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін аз жұмыс жасалған жоқ. Жыл сайын білім саласына да инвестиция салынып жатыр. Бұл орынды да. Өйткені ұрпақ білімді болып өспейінше, еліміз болашақта өркендей алмайды. Сонымен бірге алдағы дағдарысқа байланысты етек-жеңді жинақтауға тура келеді. Орынсыз шашпашылдыққа салыну абырой әпермесі анық. Сондай-ақ әр басталған істің жемісі болғаны, әр жобаның діттеген мақсатына жеткізілгені абзал. Бұл ретте Үкіметке, әкімдерге көп жұмыс жасауға тура келеді. «Ең бастысы, қолға алынған нәрсенің бәрі орындалуы керек. Сонда ғана Қазақстан күшті де қуатты елге айналады», деп қорытты ойын майдангер.