Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстандықтардың 10 пайыздық зейнетақылық жарнасы мұраға қалдырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 10 пайыздық зейнетақылық жарнасы есебінен жиналған қаржы мұраға қалдырылады. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде вице-министр Светлана Жақыпова мәлім етті.

Қазақстандықтардың 10 пайыздық зейнетақылық жарнасы мұраға қалдырылады

«Атап айтқанда, адамдардың зейнетақы қорына жинаған 10 пайыздық жарнасы мұраға қалдырылады. Еңбекақыдан ұсталып отырған, яғни, жеке зейнетақылық есепшотыңызда жатқан қаржы әр адамның мұрасы», - деді вице-министр. С.Жақыпованың сөзіне қарағанда, заңнамада бұған қатысты ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Салымшы кенеттен дүние салған жағдайда, осы қаржы жақындарына мұра ретінде қалдырылады. «Ал жұмыс беруші аударатын 5 пайыздық жарналар мұраға жатпайды», - деп нақтылап өтті С.Жақыпова. Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту; жұмыс берушінің қосымша 5%-дық міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу; күш құрылымдарының қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды толық мемлекеттік қамсыздандыруға ауыстыру секілді нормаларды қамтып отыр.