Қазақстандықтардың банктік салымдары 450 млрд теңгеге қысқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы жылдың қаңтар айында екінші деңгейлі банк клиенттерінің салымы бірден 450 млрд теңгеге қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандықтардың банктік салымдары 450 млрд теңгеге қысқарды

Ұлттық банктің ай сайын жариялайтын статистикалық деректеріне қарағанда, 20123 жылдың 1 қаңтарында клинеттердің жалпы салымы 31 598,5 млд теңгені құраған. Оның 11 592 млрд теңгесі - шетел валютасы. Ал 1 ақпанда банктерде қалған салымның жалпы көлемі 31 148,1 млрд теңге болды. Шетел валютасының мөлшері – 11 351 млрд теңге.

Бұл ретте қаңтар айының басында заңды тұлғалардың ағымдағы шотында 6 704,6 млрд (оның ішінде 3 742 млрд теңгесі шетел валютасында) теңге, жеке тұлғаларда 2 871,9 млрд (шетел валютасында 974,6 млрд теңге) теңге болған еді. ақпан айының басында заңды тұлғалардың салымы біршама қысқарып, 6 609,7 млрд теңге, жеке тұлғалардікі 2 488,2 млрд теңгеге дейін төмендеді.