Қазақстандықтардың қаржы полициясына сенімі артып келеді

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қаржы полициясы органдарының ақпараттық саясаты мен қызметінің ашықтығы халық пен кәсіпкерлер тарапынан ведомствоның қызметіне деген сенімінің артуына алып келді, делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
None
None

«Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан 40 мыңдай арыз келіп түсті. Қаржы полициясы органдарының «144» сенім телефонын республиканың барлық аумағында насихаттау сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 2,7 мың хабарламаның келіп түсуіне алып келді. Олардың 500-і расталып, 220 қылмыстық іс қозғалды, 208 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ведомство ақпаратында.

Сонымен қатар Агенттіктің веб-сайтына деген қызығушылық артуда. Мәселен, 2008 жылы оған ай сайын 7-8 мың пайдаланушы кірсе, 2009 жылы - 20 мың, ал 2010 жылы 27 мың пайдаланушы кірген.

Соңғы жаңалықтар