13:57, 05 Шілде 2012 | GMT +5
Қазақстандықтардың саны 16,78 миллион адамға жетті
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан тұрғындарының саны бір жыл ішінде 1,5 пайызға өсті, маусым айында ол 16 миллион 776,6 мың адамға жетті.

Олардың 9 176 мыңы - қалада, ал 7 600,5 мыңы ауылдық жерлерде тұрады. Бұл туралы ҚазТАГ хабардар етті.
2012 жылдың алғашқы бес айы ішінде, жалпы алғанда, тұрғындар саны 101 191 адамға артты. Жаңа туған нәрестелердің саны 158 852-ні құрады, ал қайтыс болғандар - 61 846 (63 503) адам, яғни халықтың табиғи өсімі 97 006 (89 190) адам.
Тағы бір айта кетер жайт, елге келушілер саны артты. 13 720 адам келсе, кеткендер саны - 9535. Сыртқы миграцияның көп бөлігі ТМД елдеріне тиесілі, олардан Қазақстанға 11 385 адам қоныс аударса, бұл жақтан онда 9002 адам көшкен.