Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейінің артуы - Конституцияның тиімділігінің арқасында болып отыр - А. Есімов (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейінің артуы - Конституцияның тиімділігінің арқасында болып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда 1600-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтыған жаңа MEGA Park сауда ойын-сауық орталығының ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.
None
None

Қала әкімі жиналған жұртшылықты Конституция күнімен құттықтап, Қазақстанның бұдан әрі гүлдене беруіне игі тілегін жеткізді.

«Бүгін Конституция күні. 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданды. Бұл еліміздің ең негізгі заңы! Оның қалыптасуына Елбасымыздың сіңірген еңбегі ұшан теңіз! Мен ол кезде Үкіметте вице-премьер болып қызмет атқаратынмын. Қыруар жұмыстар атқарылды. Көптеген елдердің Ата заңдары зерттелді. Әлемде алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер пайдаланылды. Жаңа Конституция Қазақстанның жағдайына барынша бейімдетілді. Содан жалпы халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Конституцияның тиімділгі - бұл міне, мынау біздің бүгінгі тұрмыс деңгейіміз! Қазақстандықтардың тұрмыс деңгейінің артуы - Конституцияның тиімділігінің арқасында болып отыр - деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар қала басшысы өз сөзінде осы Ата заңның әзірленіп, қабылдануына үлес қосқан, бүгінгі салтанатты шараға жиналған ардагер заңгерлерге де алғысын білдірді. Оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетелік, бүгін таңертең Алматы қаласының әкімі Конституция күніне бағышталған жалпы қалалық веложарысқа да қатысты.

Соңғы жаңалықтар