Қазақстанға бұрынғы кеңестік республикалардың ұлттық ғылыми академиялары енді үлгі бола алмайды -Мемлекет басшысы

АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанға бұрынғы кеңестік республикалардың ұлттық ғылыми академиялары енді үлгі бола алмайды.
None
None

Бұл туралы Елбасы бүгін Алматыда өткен Қазақстан ғалымдарының форумында айтты.

«Бізге ешкім жайдан жай өз технологиясын бермейді, біз өз ғылымымызды өзіміз үшін құрып, енгізуіміз керек. Сонда ғана біз мәртебелі мемлекет боламыз. Бұл форумның маңызы Қазақстан ғылымының дамуын айқындаумен оның Тәуелсіздікті нығайтудағы рөлінде»,- деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Президенттің айтуынша, Қазақстан 20 жылдың ішінде ғылыми ұйымдар желісін 11,6 есе ұлғайтты. Қазір 400 ғылыми мекемелер мен орталық құрылымдары бар. Сондай-ақ ғылым академиясы жүйесі қайта құрылып, университеттік білім беру жүйесінің рөлі көтерілді.

Соңғы жаңалықтар