Қазақстанға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді

АСТАНА. KAZINFORM — 28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Финляндия Президенті
Фото: Ақорда

— Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мемлекеттік сапармен келді.

 

 

Соңғы жаңалықтар