13:36, 05 Маусым 2014 | GMT +5
Қазақстанға келушілер саны азайған - ҰҚК Шекара қызметі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ҚР ІІМ көші-қон қызметін тіркеуіне негізделген мәліметтері бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы Қазақстанға келіп тіркелген азаматтар саны 14,8 пайызға төмендеп, 24105 адамды құрады, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстаннан кеткенде тіркелушілер саны да 18 пайызға азайған, ол 24384 адамды құрады, көші-қон миграция айырмасы - 279 адам» делінген хабарламада.
Елдегі негізгі миграциялық алмасулар ТМД елдерімен арада орын алып отыр. ТМД-дан келгендер мен сол елдерге кеткендер сәйкесінше 84,3 және 92,5 пайызды құрады.
Сондай-ақ Шекара қызметінде тіркеудің азаматтардың нақты санын тіркеусіз мемлекеттік шекарадан өтулер саны бойынша жүргізілетінін атап өтті. Бұлл көші-қон статистикасының сараптамасы үшін негіз бола алмайды.