11:28, 30 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қазақстанға контрабандалық жолмен 3 мың келі үйрек етін алып өтпек болғандар ұсталды
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Желтоқсанның 26 күні Қорғас кеденінде қытайдан келе жатқан ДАФ маркалы көлігінен декларацияланбаған, тоңазатылған үйрек еті тәркіленген,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы кеден департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері, аталмыш көлікке кедендік бақылау жүргізу барысында декларацияланған тауарлардан тыс, 3 332 келі тоңазатылған үйрек етін тапқан.
Қазіргі уақытта заңсыз өткізбек болған тауарлар уақытша қоймада сақтаулы. Сондай-ақ осы оқиға бойынша тергеу ісі жүргізілуде.