Қазақстанға қосымша 50 мың тонна АИ-92 маркалы бензин мен 35 мың тонна дизель отыны әкелінбек - ҚМГӨ

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» АҚ Корпоративтік байланыстар қызметі хабарлады.
Теріс экономикалық әсер мен мүмкін боларлық шығындарға қарамастан 2014 жылғы тамыз айында ҚМГӨ 34 мың тонна мұнай өнімдерін импорттау үшін ресейлік компаниялармен қосымша келісімшарттарға қол қойды («Башнефть», «ЛУКОЙЛ» және т.б.), оның ішінде АИ-92 маркалы бензин көлемі 10 мың тоннаны, АИ-95 маркалы бензин - 5 мың. Тоннаны және дизель отыны 19 мың тоннаны құрайды. Мұнай өнімдерін Қазақстанға әкелу мерзімі биылғы жылғы тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басы.
Осылайша, АИ-92 маркалы бензиннің жеткізілім бойынша жоспарланған 10 мың тоннаның 6,2 мың тоннасы немесе 62% түсірілді, дизель отынының жеткізілімі бойынша жоспарланған 34 мың тоннаның 9,4 мың тоннасы немесе 28% түсірілді.
Жоғарыда айтылған мұнай өнімдерінің көлемінен басқа Қазақстандағы жоғары сұранысты қанағаттандыру үшін қыркүйек айында қосымша 176 мың тонна мұнай өнімдерін импорттау қажет, соның ішінде АИ-92 маркалы бензиннің 140 мың тоннасын, дизель отынының шамамен 36 мың тоннасын әкелу керек.
Бүгінгі күні бірқатар ресейлік компаниялармен келіссөздер жүргізу аяқталды да, биылғы жылғы қыркүйек айында қосымша 50 мың тонна АИ-92 маркалы бензин мен 35 мың тонна дизель отынын әкелу мәселесі қарастырылып отыр.
Жалпы алғанда, еліміздегі мұнай өнімдерінің теңгерімі өзгерген жоқ, сондықтан ҚМГӨ мен басқа да нарыққа қатысушылардың тарапынан жүргізілетін іс-шаралар жанар-жағармайдың бөлшек сауда нарығындағы.жағдайдың тұрақтануына және мұнай өнімдерін, әсіресе АИ-92 маркалы бензинін сатуға қойылған шектеулерді алып тастауға мүмкіндік туғызуы тиіс.
«ҚазМұнайГаз» жанармай құю стансаларының желісі Қазақстан нарығында бензин бойынша орташа есеппен 18%, дизель отыны бойынша 17% алып отырғанын айта кету орынды.