Қазақстанға нарықтық қатынастар жағдайында сапалы экономикалық өсуде үдемелі қозғалыс қажет – экономист

None
Фото: aerc.org.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін елордада өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банктен үйлесімді жұмыс нәтижесін күтетінін мәлім етті. Бірінші кезектегі міндет инфляцияны бақылау, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экономист Ғалымжан Айтқазин Үкімет пен Ұлттық банк бағаның күрт өсуі жағдайында қарама-қарсы бағытта әрекет ете бастайды деп есептейді.

«Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі экономикалық маңызды мәселелерді тағы да көтерді. Өз кезегімде экономикалық өсу мен нарық жағдайына көшу тақырыбын былайша қарастырар едім. Біріншіден, орташа табысқа келер болсақ, 2013-2014 жылдар аралығындағы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) ең жоғары мәні 13 мың АҚШ долларына жеткен экономикамыз қайда кетті? Бұл жерде Қазақстан әлі де мұнай секторының кірісіне аса тәуелді болып қалатынын және осы нарықтағы кез келген сілкіністер елдің экономикалық және қаржылық тұрақтылығын бұзуы мүмкін екенін атап өту керек. Сондықтан, менің ойымша, экономикамызды белгілі бір салаларға шоғырландырып, оның дамуына барынша жағдай жасау керек», – деді Ғалымжан Айтқазин.

Оның пікірінше, күн сайын барлық салада маңыздылығы артып келе жатқан жаңартылатын энергияға назар аудару керек.

Айтуынша, Қазақстан ғылымда белгілі барлық дерлік табиғи ресурстарға ие, бірақ елде оны дамыту үшін технологиялар мен сапалы кадрлар жетіспейді. Дамудың мысалы ретінде Қытайды алуға болады, аталған мемлекет шетелдік инвестициялар арқылы білім мен технологияны меңгерді. Соның негізінде ҚХР өзінің кәсіби кадрларын даярлады. Технологияны құрып, зауыт салғандықтан, адами капиталды дамытуға инвестиция салу және олардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасау өте маңызды.

«Президент сөзіндегі тағы бір маңызды экономикалық аспекті ретінде бағаны белгілеу мен нарықты басқару процесіне көшу тақырыбын өзіме түртіп алдым. Көптеген жылдар бойы бизнес пен халықты қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан бастап, жанар-жағармай, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бағасының төмендеуіне дейінгі әлеуметтік салаларды субсидиялауға қомақты қаражат жұмсады. Мұның бәрі, шын мәнінде, экономикалық агенттердің игілігі болды. Бірақ олардың ұзақ мерзімді бағасы оларды жаңғыртуға тиісті инвестициялардың болмауы жекелеген жағдайларда күйреуге әкелді», – деп атап өтті Ғалымжан Айтқазин.

Оның айтуынша, кез келген экономикадағы сапалы инфрақұрылым азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасап, бизнестің үздіксіз жұмыс істеуі мен дамуы үшін қажеттілікпен қамтудағы маңызды іргетас. Инфрақұрылымды уақтылы жаңғырту және оны экономикалық ойыншылардың қажеттіліктеріне қарай кеңейту оның драйверлеріне қарамастан болашақ сапалы экономикалық өсудің негізгі факторлары.

«Президенттің сөзінен тағы бір маңызды мәселені атап өткім келеді. Бұл мемлекеттік аппарат тарапынан жиі бағаланбайтын инфляциямен күрес. Біріншіден, мемлекеттік органдар қабылдаған шаралардың тиімділігін тежейтін немесе төмендететін үйлестіру элементінің болуы өте маңызды. Оның дәлелі салық ставкалары мен мемлекеттік шығыстардың көлемін бақылайтын фискалдық орган және монетарлық орган Ұлттық банк пен Үкімет арасындағы үйлестіру жөніндегі жұмыстың әлсіздігі. Ол өз кезегінде экономикадағы ақшаның құны мен мөлшеріне әсер етеді», – дейді экономист.

Ғалымжан Айтқазин өз пікірін айта келе, бірнеше мысал келтірді. Бағалар күрт өсе бастағанда, Ұлттық банк тұтынуды ынталандыру және ақша үнемдеу үшін экономикадағы ақшаның құнын арттырады. Бұл кейіннен экономиканың салқындауына және бағаның біртіндеп төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бірақ, мұндай тетік Қазақстан кейсінде бірнеше себептер бойынша, соның ішінде Үкіметтің кері әрекеттеріне байланысты әлсіз жұмыс істейді. Бұл ретте жеңілдетілген бағдарламаларды іске қосады және мемлекеттік шығыстарды арттырады. Бұл шығындар, сайып келгенде, экономиканың сапалы өсуіне әсер етпейді, тек тауарлар мен қызметтер импортының өсуіне ықпал етеді. Бұны Ұлттық банктің жақында жүргізген зерттеуі көрсетіп отыр.

«Сондықтан, жоғарыда айтылғандардың бәрін ескере отырып, Қазақстанға оның негізгі ойыншылары үй тапсырмасын орындап, нарықтық қатынастар жағдайында сапалы экономикалық өсу жағына қарай үдемелі қозғалысты бастауы тиіс», – деп толықтырды Ғалымжан Айтқазин.

Президенттің еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте сөйлеген сөзін мына сілтеме арқылы оқуға болады.


Соңғы жаңалықтар
telegram