Қазақстанға РФ арқылы жеткізілетін украиналық жүк енді Белоруссия аумағымен ғана өтуі мүмкін

Құжат мәтіні құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды, деп хабарлады newsru.com.
Жарлық бойынша, Украина аумағынан Ресей арқылы Қазақстан аумағына өткізілетін халықаралық транзиттік автомобиль және темір жол арқылы жүк тасымалдау Беларусь аумағы арқылы ғана жүзеге асады. Оның өзінде бірқатар талаптары бар: тауарларды салуға болатын арнайы орын, идентификациялау құралдары, оның ішінде ГЛОНАСС жаһандық навигациялық спутниктік жүйе негізінде жұмыс істейтін құралдар, жүк тасымалдайтын көлік құралдарының жүргізушілерінде есеп талондары болуы тиіс.
Президент жарлығы 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді және 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін күшін жоймайды. Құжатқа 2016 жылдың 1 қаңтарынан Украинаға қатысты Еркін сауда аймағы туралы шарттың жұмысын уақытша тоқтату негізінде қол қойылды.