Қазақстанға шетелден әкелінетін жылқы етінің көлемі 50,2% өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 157,1 мың тонна жылқы еті өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Қазақстанға шетелден әкелінетін жылқы етінің көлемі 50,2% өсті

Өндіріс көбейген сайын импорт көлемі де өсті.

Мәселен, өткен жылдың 12 айында 3,6 мың тонна жылқы еті әкелінсе, 2021 жылы 2,4 мың тонна импортталған.

Осылайша, өсім - 50,2 пайыз.