Қазақстанға жұмыс сапарымен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 30 мамырда Қазақстанға жұмыс сапарымен келіп, «Орталық Азия — Италия» бірінші саммитіне қатысады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Садыр Жапаров
Фото: Ақорда

Қырғыз Республикасының Президенті Әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Сағынбек Абдумуталиптің мәліметінше, саммиттің тақырыбы — «Ортақ көкжиектер. Орталық Азия мен Италияның жаһандық тұрақтылық үшін диалогы».

Саммиттің мақсаты — Орталық Азия елдері мен Италия арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу.

Оған Орталық Азия мемлекеттері басшылары және Италия Министрлер Кеңесінің төрайымы Джорджия Мелони қатысуы жоспарланған.

Бұған дейін Астанада «Орталық Азия – Қытай» медиафорумы басталғанын жазғанбыз.  Жақында Астанада «Қытай – Орталық Азия» саммиті қарсаңында ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Соңғы жаңалықтар