Қазақстаннан 204 тонна ұнды Қырғызстанға заңсыз алып өтпек болған (ФОТО)

БІШКЕК. ҚазАқпарат - Талас шекара жасағының «Сатыкей» шекара заставасының әскери қызметшілері 204 тонна ұнды Қырғызстанға заңсыз алып өтпек болған қырғыз азаматын ұстады, деп хабарлады ҚР мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қазақстаннан Қырғызстанға апара жатқан тауар вагонындағы ұнды қырғызстандықтар өткізу пункті болып табылмайтын «Маймақ» темір жол стансасы арқылы алып өтпекші болған.

Ұнның жалпы құны 4 млн 800 мың сом.

Тиісті құжатты ресімдегеннен кейін ұсталғандар жүкпен бірге ҚР МЭҚКҚ аумақтық бөлімшесінің қызметкерлеріне табысталды.
null
null

Соңғы жаңалықтар