Қазақстаннан Анталияға ұшатын рейстер қалыпқа келтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ИДМ Анталияға ұшуға қойылған шектеулерді алу және бұл бағытта ұшатын рейстерді қалыпқа келтіру шешімін қабылдады. Бұл туралы аталған ведомствоның ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы хабарлады.
«ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі түркиялық авиациялық билігімен, сонымен қатар тасымалдаумен айналысатын әуе компанияларымен, екі елдің турфирмаларымен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздер нәтижесінде министрлік ҚР мен Анталия арасындағы әуе рейстерді қалыпқа келтіру шешімін қабылдады. Түркияның өзге бағыттары бойынша қосымша хабарланады», - деп жазды ол фейсбуктегі парақшасына.