Қазақстаннан екі спортшы шорт-тректен әлемдік турдың B финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Дордрехтте (Нидерланд) шорт-тректен әлемдік турдың төртінші кезеңінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр.
Әйелдер арасында 1500 метрлік қашықтықтың В финалына екі қазақстандық спортшы жолдама алды. ҚР ҰОК мәліметінше, Ольга Тихонова мен Малика Ермек екінші жартылай финалға қатысты. Тихонова төртінші болып келіп, тікелей В финалына шықты.
Ал Ермек алтыншы орын алды. Алайда жарыс барысында оған қарсы ереже бұзылып, спортшымыз жылдамдығын жоғалтып алды. Соның нәтижесінде төрешілер Маликаны В финалына өткізу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, А финалына әр жартылай финалдан алғашқы екі спортшы, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішіндегі ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеген бір ғана спортшы жолдама алады.
Айта кетейік, қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде үшінші алтын медалін жеңіп алды.
Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатында күміс алды.