Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстаннан Грузияға жаңа әуе рейсі іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — 14 шілдеден бастап қазақстандық Fly Arystan әуе компаниясы Атырау мен Батуми арасында жаңа тұрақты әуе рейсін іске қосады, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

в
Фото: Көлік министрлігі

Жаңа бағыт Қазақстан мен Грузия арасындағы әуе қатынасын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру жұмыстары аясында ашылып отыр.

Министрліктің мәліметінше, рейстер аптасына бір рет — сейсенбі күндері Airbus A320 әуе кемелерімен орындалады.

«Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді», — деп атап өтті министрлік.

Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы рейстердің жиілігін арттыру бағытындағы жұмысты тұрақты түрде жалғастырып келеді.

Айта кетейік, енді Қазақстан мен Жапония арасында тікелей әуе рейсі ашылуы мүмкін.