Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстаннан Қытай мен Өзбекстанға жаңа рейстер ашылады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандықтардың шетелге шығуын жеңілдету үшін жаңа халықаралық бағыттар ашылып, визалық режимді жеңілдету жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің ресми сауалына жауап берген ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Айдын Қапашев айтты.

Самолет Scat Скат ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Айдын Қапашевтың айтуынша, қабылданып жатқан шаралар шетелдегі танымал туристік бағыттарға жетуді жеңілдетуге бағытталған.

– Қазіргі уақытта жаңа халықаралық әуе рейстерін ашу, тікелей ұшулар санын арттыру және визалық режимді жеңілдету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл қазақстандықтардың танымал туристік бағыттарға қолжетімділігін едәуір арттырады. Мәселен, Air Astana Шанхай, Гуанчжоу, Ларнака және Даламан бағыттарын іске қосып, Сеулге және басқа да халықаралық бағыттарға рейстер санын көбейтіп жатыр. Ал FlyArystan 3 қыркүйектен бастап Үргенішке, 23 қыркүйектен бастап Қытайдың Чунцин қаласына тұрақты халықаралық рейстерді ашуды жоспарлап отыр, - деді спикер.

Айта кетейік, 2026 жылғы жазғы туристік маусымда қазақстандықтар арасында ең танымал шетелдік бағыттар қатарында Вьетнам, Мысыр, Таиланд, Түркия, Қытай және Мальдив Республикасы бар.

Айта кетейік, 2 тамыздан бастап Ташкент пен Ақтөбе арасында тікелей әуе рейсі ашылады.