Қазақстаннан тоғыз боксшы U19 Азия чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды
АСТАНА.KAZINFORM - Қазір Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санатында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
U19 жас санатында жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. Нәтижесінде тоғыз отандасымыз финалға өтті.
Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Камила Оспанова (70 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Айдана Убайдуллақызы (80 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары), Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін сынға түседі.
Ал Мадира Жұмақан (48 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақнұр Тұрсынғали (57 келіге дейін), Айсұлу Мұхит (65 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) қола медальмен жарысты аяқтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, U19 жас санатында финалдық кезең 15-16 шілде аралығында өтеді.
Қазақстандық жас паделшілер Азия рейтингісінде үздік ондыққа кірді.