Қазақстаннан Түрікменстанға бруцеллез ет жеткізілгені – фейк

АСТАНА. KAZINFORM – БАҚ-та елімізден Түрікменстанға бруцеллезі бар ет жеткізілді деген жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

и
Фото: freepik

- Ақмола облысынан Түрікменстанға бруцеллезге шалдыққан ет жеткізілді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - деген хабар алдық ведомстводан. 

Ресми ақпаратта айтылғандай, биылдыққа Қазақстаннан Түрікменстанға ет жеткізілген жоқ. 

- Бұқаралық ақпарат құралдарын материал дайындау барысында уәкілетті мемлекеттік органдардың тек ресми деректі пайдалануға шақырамыз,- деп хабарлайды АШМ. 

Айта кетейік, еліміз сиыр, қой етін және тірі малды Иорданияға экспорттайтын болды.

Сондай-ақ биыл шілдеде елордада жұқпалы ауруға шалдыққан малдың еті сатылып жатқаны жайлы ақпарат тараған еді. 

Соңғы жаңалықтар