Қазақстанның 10 өңірінде инфляция баяулады - Ұлттық банк

АСТАНА. KAZINFORM – Қазан айында елде жылдық инфляция 12,6% болды (қыркүйекте – 12,9%), деп жазды Ұлттық банк.

Қозоғистонда йиллик истеъмол инфляцияси кетма-кет 14-ой пасаймоқда
Фото: freepik.com

Жылдық инфляция 10 өңірде баяулады, 6 өңірде жеделдеп, 4 өңірде бұрынғы деңгейде қалды.

- Қазанда азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 13,5%-ды құрады (қыркүйекте – 12,7%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (16,7%) әлдеқайда жоғары, ал Алматы қаласында (10,4%) мейілінше төмен түсті, - делінген ақпаратта.

Қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы жылдық мәнде 11,0% болды (қыркүйекте – 10,8%). Ең жоғары мән Ақтөбе облысында (14,0%), ең төменгі мән Алматы қаласында (8,5%) тіркелген.

Қазанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасының өсу қарқыны жылдық мәнде 12,9%-ға дейін баяулады (қыркүйекте – 15,3%).

Сонымен қатар Қызылорда облысында (8,6%) жалпы республикалық деңгейден баға біршама төмен түсті.

Қазанда ел көлемінде айлық инфляция 0,5%-ға өсті.

Айта кетейік, жауапты министрлік азық-түлік инфляциясын бақылауға қатысты жаңа тетіктер ұсынды.

Соңғы жаңалықтар