Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстанның 17 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – 21 шілдеде Қазақстанның 17 облысында найзағай, нөсер жаңбыр, бұршақ, екпінді жел және аптап ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Астана, погода, ауа райы
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Астанада кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз солтүстік-шығысқа ауысып, екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Оңтүстік-батыс желінің екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы 35–36 градусқа дейін көтеріліп, жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкентте күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыс желі 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Күндіз бұршақ түсіп, дауыл соғады. Желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15–20 м/с. Облыстың батысы мен шығысында жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр мен найзағай болжанады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер, бұршақ және дауыл болады. Күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Ауа температурасы 35–38 градусқадейін көтеріледі. Солтүстігі мен орталығында төтенше, қалған аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Жамбыл облысының таулы өңірлерінде түнде, ал күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз ауа температурасы 35–39 градусқа дейін көтеріліп, желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары, қиыр оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше, қалған бірқатар аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында түнде, күндіз өңірдің бірқатар бөлігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ және дауыл күтіледі. Солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/сболады. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болжанады. Орталығы, солтүстігі және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығысы мен орталығында шаңды дауыл болады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріледі. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Шығысы мен оңтүстігінде жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстігінде күндіз қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл болады. Желдің екпіні 15–20 м/с. Өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады. Солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Осыған дейін аптап ыстыққа байланысты Өзбекстанда пойыздардың жылдамдығы төмендейтіні туралы жаздық.