Қазақстанның барлық аймағында өрт қаупі бар - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

 Өрт қаупі
Фото: freepik.com

6 мамырда Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік шығыстан солтүстік шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі бар.

6 мамырда күндіз Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, түнде найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік шығыстан жел соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

6 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

6 мамырда күндіз Ақтөбе облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 мамырда күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

6 мамыр күні күндіз Қостанай облысының батысында, солтүсігінде найзағай ойнайды. Күндіз батысында, солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде өңірдің солтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында жел солтүстік батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 мамырда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

6 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

6-8 мамырда Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

6-8 мамырда Жетісу облысында солтүстік шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарда 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Елордада 100-ге жуық адам масаға қарсы улау жұмыстарын жүргізіп жатқаны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар