Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM – Ертең, яғни 24 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет». 

Қазақстанның басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады – Қазгидромет
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар аймақта қарлы боран болады. 

Еліміздің солтүстігінде, батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашын қар мен жаңбыр түрінде түседі. Сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы сақталады. 

Республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп күтіледі.

Бұған дейін алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар