Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Ақпанның 15-і күні Шымкент қаласында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.
Абай облысының оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғып, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігі мен орталығында екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да осындай ауа райы сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, кей жерлерде екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының таулы аймақтарында түнде кей уақытта қалың қар жауады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде таулы аймақтарда, күндіз облыстың солтүстік-шығысында және таулы өңірлерінде 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде кей уақытта қалың қар жауады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс желінің жылдамдығы Алакөл көлдері маңында 15–20 м/с, кейде 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Облыстың бірқатар аумағында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін барады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде күндіз аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болып, облыстың солтүстігі мен орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде көктайғақ болады. Облыстың бірқатар аумағында тұман түсіп, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады. Күндіз жел екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болжанып отыр.
Осыған дейін еліміздің екі облысында ауа райына байланысты жолдар жабылғаны туралы жаздық.