Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
АСТАНА. KAZIFORM – «Қазгидромет» бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 2 мамырда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.
2 мамырда түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 16 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
2 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
2 мамырда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында шаңды дауыл тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
2 мамырда түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
2 мамырда күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
2 мамырда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
2 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік батыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
2 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
2 мамырда түнде Қостанай облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.
2 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік батысында, солтүстік шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 2 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
2 мамырда Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
2 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Осыған дейін ШҚО-дағы Бұқтырма өзенінде су деңгейі көтеріліп кеткені туралы жаздық.