Қазақстанның бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, тау бөктеріндегі аудандарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Таразда 2 қазанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан шығысқа, оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Облыстың тау асуларында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 2 қазанда аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Таңертең және күндіз солтүстік-батыстан жел соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
2 қазанда Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығын солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
2 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 2 қазанда аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 2 қазанда түнде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.