Қазақстанның қай өңірінде халық көп шоғырланған

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 532 240 адам болып, жыл басынан бері 32 мыңнан астам адамға артты.

люди, адамдар
Фото: Максат Шагырбаев / Kazinform

2026 жылдың басында елде 20 499 822 адам тұрған.

1 наурыздағы жағдай бойынша қала халқының саны 13 120 922 адамға жетсе, ауыл халқы 7 411 318 адам болды. Бұл ретте қала тұрғындарының саны жыл басымен салыстырғанда артқан. 1 қаңтардағы мәлімет бойынша қалаларда 13 085 110 қазақстандық, ал ауылдарда 7 414 712 адам тұрған.

Ең көп халық Алматы қаласында — 2 354 736 адам, Түркістан облысында — 2 146 739 және Астана қаласында — 1 655 369 адам шоғырланған. Ал ең аз халық саны Ұлытау облысында тіркелген — 218 596 адам.

Еске сала кетейік, бүгінгідей санақ, база, цифр жоқ заманда қазақтар халық санын қалай білген? Көшпелі қоғамда «статистика» деген ұғым болмағанымен, ел өз санын шамалап болса да есептей алған. Бұл жүйе қалай жұмыс істегені жайлы жазғанбыз.

Айта кетейік, былтыр Қазақстандағы халық саны 195 480 адамға өскен.